Лисаков қаласы «№3 орта мектебі» КММ 1 маусымнан 13 маусым аралығында «Балдырған» ойын алаңы жұмыс атқарды. Бұл алаңға 19 оқушы қатысып, демалды. Алаң барысында оқушылар түрлі іс – шараларға қатыстып, өз өнерлерін көрсетті. Соның ішінде 4 маусым күні болған
ҚР рәміздер мерекесіне алаңға шығып, флеш – моб ұйымдастырды. Бірнеше мәрте балалар кітапханасына барды, табиғат аясына саяхатқа шығып, балалардың көңіл күйлері көтеріліп қалды. Осы он бір күн ішінде балалар өздеріне жаңа дос тауып, өздерінің ұйымшылдықтарын көрсетті. |