Жоғары сынып оқушыларының
ата – аналарына кеңестер
1. Өз балаңыздың ісін қолдайтыныңызды білдіріп, жиі сөйлесіп, араласып тұруға тырысыңыз. Ол сіздің қамқорлығыңызды сезінуі керек.
2. Қандай жағдайдада болсын, бірінші сіз түсініп қолдай біліңіз. Оның проблемалары сізге күлкілі болмауға тиіс. Оның сізге сенім артуға болатынына сендіріңіз.
3. Өз беделіңізді баланың ерік жігерін басуға пайдаланбаңыз. Олар өзін жеке тұлға сезінсін. Өздеріңе дегенбағасын төмендетпеңіз.
4. Күнделікті өмірде үнемі тыйымжасаудан өзіңіздіарылтыңыз. Бұл баланың ішкі қарсылығын өршітіп жіберуі әбден мүмкін. Көз жеткізу әдісін пайдаланыңыз.
5. Жыныстық құпия сұрақтар жөнінде оңашада сенім арта көмек беретін адамы сіз болуыңыз керек. Адамдар арасындағы осы мәселедегі дұрыс емес көзқарасты қолдаудан қашыңыз.
ЕСТЕ САҚТАУДЫ ҚАЛАЙ ДАМЫТУ КЕРЕК?
1. Есіңе сақтар алдында мақсат қою керек – ұзақ уақытқа немесе мәңгі сақтау. Оқыған материалын не үшін есте сақтау қажеттілігін аңғар. Қойылған мақсатын маңызды болса, есіңе тез сақталынады.
2. Жаңа білім алуда қызығушылық танытылса, есте жақсы сақталады.
3. Түсінігін жақсы болса, есте жақсы сақталады. Жаттаудан бас тарт.
- түсіну;
- логикалық дәйектілік орнату;
- материалды бөліктерге бөліп, әр қайсында сөз орамын табу.
4. Егер де орындалған тапсырма уақытша тоқтатылса, ол өте жақсы орындалған тапсырмасына қарағанда есте қалады.
5. Қайталамай бес рет оқығанша, екі рет оқып шығып, екі рет қайталау керек.Оқу материалын есіңе жиі сақта.
6. Берілген оқу материалын «ізін суытпай» қайталау керек. Әсіресе ұйықтар алдында және таңертең қайталаса тиімді болады. Жаңа ғана жатталған тапсырманы ұмытудың тәсілі-сол арада оған ұқсас тапсырманы есте сақтау. Сондықтан математикадан кейін информатика, әлеуметтанудан кейін саясаттануды жаттауды керек емес.
7. Жаттау барысында «шеттерін» есепке алу маңызды: әдетте ақпараттың басы мен соңы есте жақсы сақталады, ортасы түсіп қалады.
8. Кейде мнемотехника (бір нәрсені ұмытып қалмас үшін, жадында сақтау үшін қолданылатын әдістердің жиынтығы), жасанды тәсілдерді қолдануға қолайлы.
Мектептік шамадан тыс оқу:
оқушыларға және олардың ата-аналарына кеңестер
Қазіргі прогресс дамығаны соншалықты, оқушылардың, жоғары сыныптар оқушыларының ғана емес, жұмыс күні ересек адам күнінің ұзақтығындай болуда. Бірінші ауысым әдетте сағат 8-де басталады, 6 сабақ сағат 14 шамасында аяқталады, түскі астан кейін оқушылардың көбінде екінші ауысым басталады – мектептік факультативтер, музыкалық және сурет салу мектептеріндегі, спорттық секциялардағы және қызығушылық бойынша үйірмелердегі сабақтар...
Қысқаша айытқанда, оқушы жұмысқа бара жатқан үлкендермен бірге мектепке шығып, үйге сағат 17 кейін олармен бірге сай келуі мүмкін. Бірақ ата-аналарға қарағанда оқушы кешкі астан кейін үстел алдына отырып, үй тапсырмаларын орындау керек.Бұл аптасына 5 күн бойы болмауы да мүмкін, дегенмен бұл оларға ауыр.Сабақтар артында қалыпты балалық шақ көрінбейді: ауладағы ойындарға және әзілдерге аз уақыт қалады, кітаптар оқуға күш жетпейді, шаршаған көздері мен есі тек теледидарды қарауға жетеді...
Сонымен қатар мектептегі шамадан тыс оқу ата-аналарға да қатысты. Балалардың денсаулығын ойлаумен ғана емес, күн сайынғы үй тапсырмаларымен де. Ересек адамдар 8 сағаттық жұмыс күнінен кейін үйге қайтады және кешкі астан кейін дем алудың орнына сүйікті балаға сабақтар дайындауға көмектесу керек болып шығады. Оқушылардың ата-аналары жақсы біледі: бұл оңай жұмыс емес. Әрине бұны барлығы емес, бірақ көбі жасайды.
Осы жағдайда қандай кеңес беруге болады?Мектептегі үй тапсырмаларын азайту бойынша радикалды кеңестер мұғалімдерге екіталай ұнауға мүмкін, ал шығармашылық қабілеттіктерді дамытатын қызығушылықтар бойынша сабақтарға балалардың бармауына ата-аналар келіспейді.
Салауатты өмір салты әдет болу керек.Балаларды сөйлеуге, оқуға, жазуға және есептеуге үйреткендей, мектепке барар алдында оларды салауатты өмір салтына үйрету керек.
Отбасыдағы өзара түсінушілік ортасы және ата-аналардың мектептік әдеттерден бас тартуы өте маңызды.
Біріншіден жеткілікті ұйқыны қамтамасыз ету керек.
Бастауыш мектеп оқушылары 10 сағаттан кем емес, ал жоғары сыныптар оқушылары 7-8 сағаттан кем емес ұйықтау керек. Жоғары сыныптар оқушылары арасында жиі таралған үнемі дерлік жеткілікті ұйықтамауы невроздарға әкеледі. Мындай күйді біз медіктер оқушыларда 9-шы сыныптан бастап байқаймыз.
Нәрлі тамақтану.
Шамадан тыс оқу нәтижесінде балаларда екі күй байқалады. Кейбіреулерде артериалды қысымы жоғарланып, басы ауырады және шамадан тыс қозғыштық пайда болады.Осындай балаларға магний және калий бар азық-түліктері ұсынылады.Бұл жармалар, ірі бұршақтар, көкөністер, сәбіздер, алмалар, кептірілген өріктер және қара өріктер. Рационнан ащы тағамдар, қою шай, кофе және шоколадты алып тастау керек. Ал артериалды қысымы төмендейтін балаларда әлсіздік және күшсіздік пайда болады, кальций бар азық-түлікті: сүттен жасалған өнімдер, ірімшік, сүзбе, балықты жеу керек.
Гиподинамиямен күресу.
Оқушы таза ауада күн сайын серуендеу керек, сонымен бірге қозғалмалы жаттығуларды және шынығу рәсімін қажет етеді. Мектептегі дене шынықтыру сабақтарын сылтауламау керек: олар қажетті қозғалыстың тек 10-11% құрайды, ал балаға сонымен қатар таңертеңгі гимнастика, спортпен шұғылдану, билер және басқасы керек. Сонымен қатар қозғалыс – бұл стресспен қүрес.
Психоэмоционалдық шиеленіс.
Оқушыларда жоғары сыныптарда да және бастауыш сыныптарда да байқалады.Бұл мінезіне де байланысты: біреуі байсалды, ал басқасы әсерленгіш.Су рәсімдері стрессті жақсы түсіреді.Егер оқушы аптасына екі рет бассейнге бара алса жақсы болар еді. Бірақ егер осындай мүмкіндігі болмаса, онда өз ваннасымен және душымен пайдалану керек.Контраст душын алуға уақыт жоқ деген сөзге сенбеймін. Ыстық және суық суды алмастыру тек 4 минут жалғасады!Дегенмен бұл қан айналымын күшейтеді, белсенді заттардың шығуына себепші болады, олар стресс жағдайларымен күресуге көмектеседі.Бала мектептен шаршаған және ашулы түрде келген кезде контраст душын алу ең қолайлы.Бұл бойын сергітеді.Босаңсу үшін оқушыларға ұйықтар алдында қылқан жапырақ-тұзды, хлоридті ваннаны ұсыныңдар.Түсінікті емес айтылғанмен, бұл суға кәдімгі тұзды қосуды білдіреді.Егер уақыт болса шөп немесе қылқан жапырақ қайнатпасын дайыңдаңдар.Музыкотерапия – бұл оңай және тиімді.
Дәрумен-минералды кешендер.
Микроэлементтер оқушыға стресспен күресуге көмектеседі.Бірақ дәріханада дәрумендер және минералдар кешенін дәрігердің ұсынымы бойынша алған дұрыс.Пайдалы азық-түліктерді де жеуге болады.Мысалы, көзге қаражидекті. Немесе бал, ол шаршағандықты түсіреді, жүйке жүйесін жайландырады, ұйқыны реттейді.
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН 10 КЕҢЕС
Жасөспірімдік жаста балалар өз ата-аналарының өмірін бағалай бастайды.Анасының және әкесінің мінез-құлығын, әрекеттерін, сыртқы түрін талқылайды. Және үнемі салыстырады. Осы салыстырулардың нәтижесі ұлыңыз немесе қызыңызбен қарым-қатынасқа әсер етеді.Ол сізге жағымды немесе жағымды емес болуы мүмкін.
1 кеңес
•Егер ұятқа қалғыңыз келмесе осы бағалауға ертерек дайындалыңыз. Баламен қарым-қатынастағы ең бастысы - өзара түсінушілік. Оны орнату үшін сіздер ынта білдіру және ренішті жасырмау керексіз.
2 кеңес
• Балада өзіне, өз күшіне сенушілікті қолдаңыз, белгілі кемшіліктер (олар әр адамда бар) болғанымен оларда жақсы жақтары да бар екенін айтыңыз.
3 кеңес
•Таң қалдырыңдар – бұл есте сақталады! Күтпеген және қатты әсер қалдырған адам қызық және беделді болады.Ата-ананың өмірі, олардың көзқарастары, әдеттері ұзақ ақыл беру әңгімелесулерге қарағанда балаға әсерін көбірек тигізеді.
4 кеңес
• Сіздің балаңыз мықты және дені сау болғанын қалайсыз ба?
• Онда өзіңіз біліп, баланы өз ағзасы туралы, денсаулықты сақтау және оны күшейту туралы білім негіздеріне үйретіңіз.
5 кеңес
• Баланың да, өздеріңіздің де денсаулықтарыңызды сақтаңдар, онымен бірге спортпен шұғылдануға, демалысқа шығуға, серуенге баруға үйреніңіз.
6 кеңес
• Аптасына қанша уақыт сіздер өз балаларыңызбен өткізесіз? – Аптасына 1,5 сағат?!Оқудан және сабаққа дайындалудан бос уақытта сіздің балаңыз немен айналысатынын міндетті түрде ойлаңыз.
7 кеңес
• Үлкендердің балалармен кейбір тақырыптарға сөйлегісі келмейтіні баланы осы тақырыптар тыйым салынған деген ойға келдіреді. Жалтармалы немесе бұрмалаған ақпарат балаларда негізсіз алаңдауды туғыздырады.
8 кеңес
• Жасөспірімдерді отбасыдағы психологиялық та (қайғылы оқиға болса да, біреудің ауырғаны немесе өмірден кетуі – бұл адамды шынықтырады және оны сезгіш қылады), материалдық та (жағдайдан шығу амалын табуға үйретеді) проблемалардан артығынан қоршамаңдар.
9 кеңес
•Егер сіздер тәрбиелуде қателер жасауды үлгірсеңіз, сіздерге жолдың басына қарағанда қиынырақ болады. Бірақ егер сіз өз тәрбиеленушіңізде тек бір тамшы жақсыны көрсеңіз және келесіде тәрбиелеу үрдісінде осыған сүйінсеңіз, онда балаңызбен тіл табысып, жақсы нәтижелерге жетесіз.
10 кеңес
• Егер сіздікі дұрыс емес болғанын, бір маңызды мәселелерде ұлыңыздың немесе қызыңыздың пікірін таңдамағыныңызды түсінсеңіз, алдымен өз алдыңызда, ал сосын баланың алдында оны мойындауға қорықпаңыз.
Белсеңді балалар
Ата-аналарға арналған ұсыныстар
- Мүмкіндігіңізше өзіңіздің қарқынды көңіл күйіңізді іште сақтауға тырысыңыз.
- Балалардың барлық конструктивтік талпыныстарын, жұғымды көңіл-күйлерін эмоционалді қолдаңыз;
- Тыйым салынған сөздер мен түсініктемелерден,қатыгез бағалардан, қауіптен және жазғырудан қашқақтаңыз;
- «Жоқ», «болмайды», «қой» деген сөздерді сирек айтуға тырысыңыз;
- Сабырлы дауыспен сөйлеуге тырысыңыз және өзіңіздің сөзіңізге ие болып сөйлеңіз;
- Өзіңіздің наразылығыңызды білдіріп баланың сезімін бағытпай қорлық көрсетпеңіз;
- Қол қусырмаңыз! Өзіңіздің асаулы балаңызды жақсы көріңіз. Мектептің қиындықтарынан өтуге және жемісті болуына көмектесіңіз;
- Баламен жігерлі ойын ойнаныз, спортпен және жүзумен шұғылдануға қызықтырыңыз;
- Дауыста, мимикада және қимылда бар эмоционалдік әсерді пайдаланыныз;
Емтиханды қалай табысты тапсыруға болады?
Емтихан – жай ғана білімді тексеру ғана емес, жабығу жағдайындағы білімді тексеру болып табылады.
Жабығу жағдайына ұшырамау үшін психологиялық қорғанысты қабылдау
Емтихан – жай ғана білімді тексеру ғана емес, жабығу жағдайындағы білімді тексеру болып табылады. Емтиханға дайындық және оны тапсыру кезінде жүйке және жүрек-қан тамыр жүйесіне салмақ түседі. Сондықтан емтиханға психологиялық дайындық қажет. Ол өз кезегінде емтиханға дайындалу және тапсыруға адекватты қатынас үлгілерін жасайды. Емтиханға дайындық кезінде өзіңізге сену керексіздер. Өз күшіңізге сенімсіз болған сайын, үрейде артады. Ол үрей сал болдырып, тіпті барлық әрекетті жоққа апарады.
Егер сіз ішіңізден: «Менің есте сақтау қабілетім нашар!», «Мен математикаға қабілетті емеспін!», «Мен бұл емтиханды ешқашан тапсыра алмаймын!», деп ойласаңыздар, сіздің жүйке орталығыңызға берген бұйрығыңыз әлсіз болады. Таңғаларлық ештеңесі жоқ, барлығы тек еңбектің арқасы. Өзіңізді жаман бағалауды қойыңыз.
Емтиханға қалай дайындалу керек? Педагогтың кеңестері
Емтихан – сіздің не білетініңізді бақылау пікірінен бастайық… бұл сұраққа жауаптан сіздің емтиханға дайындығыңыз басталады.
І кезең. Сіздің «білу» және «білмеу» деңгейіңізді анықтаңыз. Барлығын
қайталап, уақыт кетірудің орнына нені білмейсіз соған уақытты көбірек бөліңіз.
ІІ кезең. Қайталау жоспарын құрыңыздар. Емтиханға дайындықты екі ай бұрын бастау керек. Ұмытылған пәндерді үш апта қайталаған дұрыс. Емтиханға бір апта қалғанда жоспарды, қайталау кезінде жазған конспектіні көруді ұмытпаңыздар.
ІІІ кезең. Емтиханға бір күн қалғанда, ештеңені қайталама, жаттама!!! Басыңызда білім орнығу үшін кем дегенде бір күн керек.