


Қызметінің қағидалары:
- Азаматтық сана- сезім және жалпы адами құндылықтардың басымдылығы;
- Еріктілік және қол жетімділік;
- Ұрпақтар сабақтастығы мен «Жас Ұлан» ұйымының дәстүрлерін сақтау;
- Ұйымның негізгі мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырудағы ересектер мен балалардың бірлігі;
- Қызметтің патриоттық, толеранттық, рухани- адамгершілік бағыты.
«Жас Ұлан» балалар ұйымының рәміздері:
Ту- бұл балалар мен жасөспірімдер бірлігін бейнелейді. Ол
республикалық ұйымда және оның барлық бөлімшелерінде (мектептік, аудандық/қалалық, облыстық) болуы қажет.
Галстук- бұл балалар ұйымының ерекше белгісі. Түсі- аспан түстес
көгілдір. Галстук өлшемі 40х130 см. Галстуктың оң жақ бұрышында «Жас Ұлан» логотипі орналасқан. «Жас Ұлан» логотипінің диаметрі 4 см шеңбер түрінде жасалған.
Ұран- ұйымның ерекше белгісі. Ол ұйымның, бірлестіктің ең негізгі ойын, идеясын білдіреді.
Төсбелгі – «Жас Ұланның» ерекше белгісінің бірі болып саналады.
«Жас Ұлан» мүшелерінің құқықтары:
- «Жас Ұлан» қызметіне белсенді қатысу;
- «Жас Ұлан» басқару органының бағдарламаларын жүзеге асыру барысындағы табыстары және ерекше жеке жетістіктері үшін мақтаулар мен мадақтаулар алу (грамоталар, димпломдар, жазғы және сауықтыру лагерлеріне жолдама, «Жас Ұлан» Алтын Кітабына ену)
- «Жас Ұлан» органына өтініш, арыз, сұрақтар, бастамалар мен ұсыныстар беруге;
- Ұйымның барлық деңгейінде қызметі туралы ақпарат алуға:
«Жас Ұлан» мүшелерінің міндеттері:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін сыйлау (Ту, Елтаңба, Әнұран), өз елінің патриоты болу;
- «Жас Ұлан» Ережесін және басқару органдарының шешімін орындау;
- «Жас Ұланның» өзге мүшелері мен олардың құқықтарын құрметтеу, мойындау;
- Оқуда, қоғамдық жұмыстарда, еңбекте үлгілі болу; қоғамдық мүлікті сақтау, мәдениетті болу;
- Салауатты өмір салтын ұстану, оны өз құрдастары арасында насихаттау;
- Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету.
«Жас Ұлан» мектеп комитеті мүшелері:
1. Нургалиева Д – Ұлан басшысы
2. Жусупова Ж – орынбасары
3. Давлатова Д – білім жөніндегі орынбасары
4. Мырзағазықызы А – денсаулық және мәдениет жөніндегі орынбасары
5. Жапарова А – «Жас Қыран» ұйымы жөніндегі орынбасары
6. Аскарова Ж – сынып әкімдерімен жұмыс жөніндегі орынбасары (тәртәпке жауапты)
7.Шонбаева С – Әлеуметтік жөніндегі орынбасары (Кезекшілікке жауапты)