ДӘРІГЕР КЕҢЕСТЕРІ
ЖРВИ(Жұқпалы респираторлы вирустық инфекция) – адамдар арасында ең көп таралған ауру, тіркелген аурудың 90%-ға дейіні инфекциялық аурулар. Бұл аурумен барлық адамдар ауырады – біреулері жиі, басқалары сирек. ЖРВИ вирусы мұрын мен тамақтан өкпеге дейінгі тыныс алу жолдарының эпителиалды клеткаларын зақымдайды. Бұндай вирустар өте көп, олардың ішінде ең белгілісі – тұмау, бірақ басқа да әйгілі емес жәй вирустар (парагрипп, аденовирус, риновирус, реовирус ж.т.б.) бар. Сыртқы ортада вирустар жылдам өледі, бірақ адамнан адамға өте жеңіл ауа- тамшы жолмен беріледі. Кез келген респираторлық вирус тыныс алу жолдарының барлығын қамтымайды, тек қандай да бір участокты қамтиды. Тіпті осы деңгейде де вирустардың іріктелуі байқалады. Риновирус- мұрынның шырышты қабын, паратип – тамақ және трахеяны, тұмау – трахея мен бронхты ж.т.б. ЖРВИ симптомы барлығына белгілі. Төменде көрсетілген белгілердің бірі:
• Дене қызуының көтерілуі
• Мұрыннан су ағуы
• Бронхит немесе трахеит (немесе екеуі де)
• Бастың ауруы
• Әлсіреу
Емдеу ұйымдарында ЖРВИ мен тұмаудың өршуінің алдын алуда мынандай комплекстік шараларды жүзеге асыру қажет:
• Медициналық қызметкерлерді вакцинамен егу;
• Ауруханада тұмаумен ауыратын науқасты ерте анықтау;
• Тұмаумен аурған адамдарды және науқастарды бөлек бөлмеге немесе блокқа оқшаулау (палатаға, боксқа, бөлімге, секцияға);
• Науқастарға келушілер санына шек қою, науқастар мен қызметкерлер жеке бас гигиенасын сақтау;
• Медициналық қызметкерлердің тұмау тіркелген бөлімнен басқа бөлімдердегі ауруларға көмек көрсетуді шектеу;
• Медициналық мекемелердегі жалпы қолдану орындарында сау науқастар мен аурулар араларын (кем дегенде 1метр ) кеңістікте бөлуді сақтау;
• Тұмау мен ауырған науқастарға көмек көрсеткенде медицина қызметкерлері жеке бас гигиенасын қорғау заттарын қолдануы;
• Тұмау мен ауырған аурулармен қатынаста болғаннан кейін қол жуу гигиенасын сақтау;
• Респираторлық шығындылар жұғылған бет перделерді, салфеткаларды, қол орамалдарды және басқаларды жою тәртібін сақтау;
• Науқас адамдарда «тұмауға ұқсас» симптомдар болғанда жөтелу гигиенасын сақтау бойынша оқыту (қазақ және орыс тілінде науқастар мен науқастарға еріп келетін жанұя мүшесіне немесе достарына нұсқаулықтарды ілу, науқастарды қарау кезінде сұқбаттасу, көрнекі және басқа материалдарды тарату
Логопед кеңес береді
· жақ және тіл бұлшық еттерін дамыту. Ірі тағамдарды тиімді шайнауды, аузын шайуды, ұртын толтыруды,ауаны бір ұртынан екінші ұртына аударыды т.б үйрету;
· баламен тек қана дұрыс тілде сөйлесу, «бала тілін» ешқашан қолданбау;
· балаға күн сайын қысқа және ертегілер оқу;
· онымен жиі сөйлесу, оның барлық сұрақтарына шыдаммен жауап беру, сұрақ қоюын мадақтау;
· сөзді немесе фразаны, ондағы сөздердің орнын ауыстыра отырып, анық бірнеше рет қайталау;
· күніне бірнеше рет артикуляциялық гимнастикалар орындау.Оның мақсаты - дыбыстарды айтуға қатысатын бұлшық еттерге жұмыс істетуоларды бағынышты ету. Оларға артикуляцияға аппаратының органдырын жаттықтыратын, дыбыстарды дыбыстауға ерін, тіл, таңдай қатыстыруға арналған жаттығулар енгізіледі. Алғашқы кезде айна алдында жаттыққан дұрыс;
· балаға асыра жүктемеу жасау. Сабақтың 15-20 минуттан аспауы жөн;
· ұсақ моториканы дамыту үшін жаттығулар қодану керек;
· кекештікте сөйлеу демалысын, екпінді және ритмді дамытуға мүмкіндік беретін музыка сабақтары жақсы нәтиже береді. Баламен сабақ көңілсіз болмауы керек, оларды қызықты ойын түрінде өткізу, жайбарақаттық ахуалын жасау, баланы оң нәтижеге бағыттау, жиі мақтау.