Осы орайда, қаланың жалғыз мемлкеттік тілде білім беретін мектебі болғандықтан, қазақтың ұлттық құндылықтарын насихаттау мақсатында Қамқоршылық кеңестің қолдауымен өткізілген қалалық семинар. Ұйымдастырылған іс-шараға қала әкімінің орынбасары Жұрқабаев М.К., қалалық білім бөлімі басшысы Байменова З.А., қалалық маслихат хатшысы Жарылкасымова Г.К., депутаттар,қала мектептерінің ұстаздары мен басшылары, қала мекемелері басшылары және қаланың құрметті азаматтары қатысумен өтті. Сонымен қатар, Қостанай, Арқалық қалаларының шебер ұсталары көрмелерімен шақырылды. Мектеп оқушылары мен ұстаздарының шығармашылық ізденіспен жасаған сахналау қойылымы, ұлттық өнер көрмесі, концерттік бағдарламасы мен салт-дәстүр көріністері қала жұртышылығының жоғары бағасына иеленді. |