Лисаков қаласындағы №3 орта мектебіміз 10 жылдық мерей тойын атап өтті. Бүгінгі мерейтойға арнайы шақырылған ардагер ұстаздар,мектептің бұрынғы түлектері білім ұясының қазіргі жетістіктеріне куә болып қуанышқа кенелді.Жиынға ата-аналар,білім бөлімінің әдіскерлері,қалалық мешіт имамы шақырылды.
10-жылдық мерей тойында №3 мектеп жетістіктерін жиналғандарға паш етті. Мерекелік шеру мектеп ұстаздарын қарсы алумен басталды.
Арнайы жасалған тұсаукесер слайдтарында 10 жылғы игі істер көрсетілді.Шет елде оқып жүрген түлектер видеороллик арқылы құтықтауларын жолдап ұстаздарына,мектеп әкімшілігіне алғыстарын білдірді. |