Мектеп жанынан ашылған «Балауса» аула лагері 01.06-13.06. аралығында өз жұмысын жасады. Тегін тамақпен қамтылған лагерге аз қамтылған, көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың МАДТ бастап 8 сынып оқушыларынан құралған 35 бала жұмылдырылды.Олар үшін қосымша информатика, денешынықтыру, ағылшын тілі және музыка үйірмелері жұмыс атқарды . Және қалалық іс-шараларға үзбей қатысып, бағалы сыйлықтар алды. Қаланың өрт сөндіру мекемесіне барып қауіпсіздік шаралары туралы мәліметпен жете танысты. Түрлі қызықты сайыстар мен ойындар олардың уақытының қалай өтіп кеткенін аңғартпады. Жабылу мерекесіне білім бөлімінен сыйлықтар тапсырылып, жергілікті «Акцент» ТВ келіп, сұхбат алды |